Шығыс Қазақстандық геологтар жаңа кен орындарын барлау үшін зерттеу жұмыстарына аттанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстандық геологтар жаңа кен орындарын барлау үшін зерттеу жұмыстарына аттанады

05.04.2019

Олардың  кәсіби мерекесі  жұмыстың  жаңа  маусымымен тұспа-тұс келеді. Елімізде тау-кен өндірісін одан ары өркендету үшін, геологиялық барлау жұмыстарына мықтап көңіл бөлу керек дейді мамандар. Кәсіби мерекелері қарсаңында шығысқазақстандық геологтар  өткен жылды  қорытындылап, биылғы жұмыстарындағы негізгі бағыттарды айқындады. Салтанатты жиында, кең байтақ жеріміздің астынан қазба байлықтарды іздеп, осы салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп жүрген азаматтар түрлі марапатқа ие болды. Жалпы, Шығыс Қазақстан минералды-шикізат ресурстарының бойынша  алдыңғы орында.

Василий Соляник, геолог:

Қазір пайдаланып жатқан кен орындарымыздың көбі сонау кеңес заманында барланып, іске қосылды. Еліміздің минералды-шикізат кешенінің ресурстық базасын дамыту үшін геология саласына мемлекет тарапынан жақсылап тұрып көңіл бөлінуі керек. Жер байлығы зерттеліп, жаңа кен орындары ашылған сайын еліміздің экономикасы мықты болады.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу