Семейлік жастар жемқорлыққа қарсы шара ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейлік жастар жемқорлыққа қарсы шара ұйымдастырды

08.04.2019

Семейде «Шығыс - адалдық алаңы» акциясының аясында белсенді жастар жемқорлыққа қарсы шара ұйымдастырды. Жастар ресурстық орталығы, «Jas Otan» жастар қанаты мен Полиция департаментінің мамандары қаладағы мекемелерді аралады. Алғаш болып акция мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында өткізілді. Жастар тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң қатаң екендігін түсіндіріп, заңның баптары жазылған парақшаларды таратты.

Қызметкерлердің тұрғындарды қабылдайтын орындарына «Бұл жерде пара алмайды! Сыйлықтар қабылданбайды» деген жазулары бар ескертулерді жапсырды. Жастар бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға көп әсерін тигізетінін айтады. Шара қаладағы өзге де мемлекеттік мекемелерде жалғаспақ.

Алмас Айтмұқаш, «Jas Otan» жастар қанаты қалалық филиалының төрағасы:

- Басында статистика бойынша анкета жүргізілді. Халық көп шоғырланған, көп жиналатын орындарда пара алатындығы туралы мәліметтер анықталған. Соған байланысты біз жемқорлыққа қарсы бұл акцияны ұйымдастырдық.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу