БҚО-ның Қарасу тоғанында балық қырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-ның Қарасу тоғанында балық қырылды

08.04.2019

Батыс Қазақстанның Қарасу тоғанында жаппай қырылған балық көлемі 3 тоннадан асады. Бұл - Қазталов ауданында жылда қайталанатын жағдай. Мал суаруға арналған жасанды тоғанның түбі таяз. Ұзындығы 4 шақырым, ені 2 метрге жетпейді. Қыста мұз беті 1300 жерден ойылған. Соған қарамастан балықтарға оттегі жетпей қалған.

Мамандар оқиғаның себебін осылай топшылап отыр. Қазір тоған тазаланып жатыр. Балық өлексесі қауіпсіз жерге көмілуде.

Қайрат Ибраев, облыстық аумақтық инспекциясы балық шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Зерттеу қорытындысына сай 3,1 тонна мөңке балық өлген. Орташа салмағы 40 грамм. Алдын ала болжам бойынша балыққа оттегінің жетіспеуі себеп болуы мүмкін. Қыс қатты болды. Тоған қыста түбіне дейін қатып қалған. Судан сынама алынды. Сараптамасы кейін белгілі болады.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу