Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті дүкендерде сатылып жатқан азық-түліктерге зерттеу жүргізді. Оның қорытындысы бойынша алынған үлгілердің 73 пайызында таңбалануы бойынша регламент сақталмаған. Микробилогиялық қауіпсіздік көрсеткіші бойынша 16 пайызы, ал физика-химиялық көрсеткіші бойынша 11 пайызы талапқа сай келмейді. Ресей Федерациясынан импортталған ет өнімдерін зерттеу кезінде олардың құрамында тетрациклин, левомецетин, бацитрацин сынды антибиотиктер анықталған.
Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:
- Көрсетілген өнімдерге қатысты оларды әкелу мен сатуды шектеу туралы уақытша санитариялық шаралар енгізілді. Саудадан көрсетілген өнімдерді алу бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілді.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ