Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Еркін Есімбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Ол «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығы Ақмола облыстық филиалы директоры қызметін атқарғанда бюджет қаржысын жымқырған. Жалпы соммасы - 20 миллион теңге.
Айыпталушы жұмысқа туған-туыстарын қабылдаған. Ал олар ресми түрде ғана тіркеліп, нақты ешқандай қызмет атқармаған. Тіпті, жұмысқа да келмепті. Сот оны кінәлі деп таныды. Филиалдың экс-директоры бюджет қаржысын қазынаға толық қайтарды. Ол мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеу құқығынан айырылды
Қайрат Хасенов, Көкшетау қалалық сотының судьясы:
Есімбаев Еркін Тұрашұлы 189-бабының 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оған 5 жыл бас бостандығын шектеу туралы жаза шығарылды, яғни, оған тұрғылықты жерін өзгертуге, Көкшетау қаласынан басқа жаққа шығуға болмайды.
Ермек ЕЛБЕРГЕН