Еліміз бойынша заңсыз сақталған қаруды сатып алу науқаны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз бойынша заңсыз сақталған қаруды сатып алу науқаны басталды

11.04.2019

Еліміз бойынша заңсыз сақталған қаруды сатып алу науқаны басталды. Енді құжаты жоқ мылтық, тапанша, оқ-дәрі, жарылғыш заттарыңыз болса тұрғылықты жеріңіз бойынша полиция мекемесіне апарып тапсыруға болады.Ол үшін әрине ақы да төленеді. Сондай-ақ, науқан аясында қару тапсырғандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Азамат Әмен, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы:

10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін ақы төленеді. Бағасы әрине, қарудың түріне байланысты анықталады. Сонымен қатар, арнайы комиссия қаруды мұқият зерттейді. Жақсы сақталған, жұмыс істейтін қару болса да бағасы арта береді.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу