Терминкомның құзыреті мен мәртебесін көтеру керек. Сонда ғана бекітілген терминдер кеңінен қолданылады. Тіл маманы, ғалым Шерубай Құрманбайұлы мәжілісте өткен «Рухани жаңғыру: қазіргі қазақ терминологиясы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда осындай ұсынысын жеткізді.
Ғалымның айтуынша, қазір терминдерді кәсіби түрде аударатын мамандар басқа салаларда жұмыс істеп жүр. Бар маманның өзін бір орталыққа шоғырландырып, күшімізді біріктіре алмай отырмыз. Терминология жұмыстарының республика деңгейінде жүргізілмей жатқаны да сондықтан, дейді профессор. Ал аударылған сөздердің өзі әлі нақты емес.
Мысалы, кеңес заманынан келе жатқан «аукцион» сөзін 1990-жылдары «бәссауда» деп аударылды. Мұны мемлекеттік терминологиялық комиссияның өзі бекітті. 2014-жылы ол «аукцион» болып қайта ауыстырылды. «Музей» сөзі де 1998- жылы «мұражай» болды. Соңғы кездері қайтадан «музей» деп қолдана бастадық. 2000 жылдары «принцип» сөзі «қағидат» деп аударылған болатын. Қазір оны ешкім аузына алмайды.
Шерубай Құрманбайұлы, филология ғылымдарының докторы:
Терминологиялық жұмыстарды жүзеге асыру кезінде белгілі бір баршаға ортақ ұстанымдар мен қағидаттар басшылыққа алына бермейді. Немесе оларды жауапты құрылымдар мен ос ыжұмысқа жетекшілік етушілер қалауына қарай өздері белгілейді немесе жиі өзгертеді.
Терминге бұлай қарау етін бұл саладағаы жұмыстың жолға қойылмағандығын, істі ғылыми кәсіби тұрғыдан тиісті деңгейде жүргізілмей жатқанын көрстеді. Соның салдарынан тұрақты қоданылатын ұлттық ғылыми терминологиялық қор дұрыс қолданбай отыр.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ