Көкшетау-Мәскеу-Көкшетау бағыты бойынша жаңа әуе жолы ашылмақ. Алғашқы рейс мамырдың соңына жоспарланған. Қазір билеттер сатылымға шықты. Құны - 49 мың теңге. Алдымен, аптасына бір рейс ұшады, кейін бір жұмада 2 рет қатынайды. Рейсті Иркутскінің «ИрАэро» әуекомпаниясы жүзеге асырмақ.
Осылайша, Мәскеуден Көкшетауға 3 сағатта жетуге болады. Жаңа бағыттың ашылуы туристік кезеңге байланысты. Бұл Бурабай мен Зерендіге келетін демалушылардың санын ұлғайту үшін жасалған қадам. Қазіргі уақытта Ресейдің өзге де ірі қалаларымен әуе байланыс орнату мақсатында келіссөздер жүріп жатыр.
Марат Иғали, облыс әкімінің орынбасары:
Бурабай аймағына Ресей жақтан туристер көп келеді. Соған байланысты туристер көп болады деп санаймыз. Келесі жылы Көкшетауда Қазақстан-Ресей аймақтарының үлкен форумы болады. Сол форумда рейстер көп болып, туристік потенциалға әсер етеді деп санаймыз.
Ермек ЕЛБЕРГЕН