Алматыда 2022 жылға дейін 19 мың орындық студенттік жатақхана салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 2022 жылға дейін 19 мың орындық студенттік жатақхана салынады

16.04.2019

Алматыда Елбасының әлеуметтік бастамасын іске асыру үшін 2022 жылға дейін 19042 орынға арналған студенттік жатақхана салынады.

Бұл туралы қалада өткен басқосуда сала мамандары айтты. Олардың сөзінше, қаладағы 32 жоғары оқу орнында білім алатын 31 294 тәлімгер жатақханаға зәру. Ал, қоғам белсенділері студенттердің мәселесін шешу оңай емес екенін айтады. Сондықтан университет басшылары қажетті орындарды қайта санау керек.

Десек те, жергілікті кәсіпкерлер жер телімі берілсе, студенттер үйін салуға дайын екендіктерін жеткізді. Себебі олар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында кәсібін дөңгелетіп, бір жағынан қоғамға пайдасын тигізбекші.

Аян Көшербаев, кәсіпкер:

- Бізде жатақханада 2700 орын бар. Қазір бізде 450 студент жатыр. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу