Балабақшадағы хабарлама: Баламен кіруге болмайды! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балабақшадағы хабарлама: Баламен кіруге болмайды!

18.04.2019

«Баламен кіруге болмайды». Қостанай облысының Қашар кентіндегі балабақшаның екінші қабатындағы есікке осындай хабарлама ілінген. Себебі төбеден аққан судан тоқ тұйықталып, өрт шығу қаупі бар.

Жаңбыр жауған сайын балабақша қызметкерлері әбігерге түседі. Екінші қабат қазір толық жабылған. 150-ге жуық балаға бірінші қабат тарлық еткендіктен бірқатары үйлеріне жіберілген. Ғимараттың төбесі 5 млн теңге қаржыға 1,5 жыл бұрын жөнделген. Алайда ұзаққа шыдамады. Кепілдік бір жылға берілгендіктен, мердігерден енді бірдеңе талап ету мүмкін емес. Сондықтан балабақша төбесін қайта жөндеуге тағы да қаржы іздеуге тура келіп тұр.

Жеңіс Жылгелдин, Қашар кентінің әкімі:

- Кеше комиссия отырысы болды. Сонда енді шешім шықты, әуелі техникалық зерттеу жүргізу қажет. Содан кейін жөндеу жүргізіледі.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу