Петропавлда ІІМ қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда ІІМ қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті

22.04.2019

Халықтың полицияға деген сенімін күшейту үшін тәртіп сақшылары не істеу керек? Петропавлда өткен Ішкі істер министрлігінің көшпелі отырысында осы сұрақ кеңінен талқыланды. Нақты нәтижелер сараланды. Өңірдегі криминогендік ахуал жақсарып, қылмыстар саны азайған.

Полиция департаменті басшылығының тұрғындармен ұдайы кездесуі, сақтық шараларын күшейтуі және халыққа қылмыстық жауапкершілік туралы ақпарат таратуы осындай нәтиже көрсеткен.

Әнуар Түгел, Қазақстан адвокаттары одағының президенті:

 - Көбірек халықпен кездесу, есеп беру, қабылдау ұйымдастыру керек. Осындай жұмыстар нәтиже береді.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу