Қостанай қаласында ауызсудың сапасы енді бұрынғыдан да жақсара түспек. Бұған су таратушы кәсіпорын орнатқан заманауи қондырғы мүмкіндік береді. Жоба құны - 630 млн теңге.
Жаңа қондырғымен кәдімгі тұздан судың құрамындағы зиянды заттарды жоятын ертінді дайындалады. Соның арқасында ауызсуды залалсыздандыру жұмысының тиімділігі мен сапасы артады.
Еркебұлан Файзуллаев, «Қостанай-Су» МКК директоры:
- Республика бойынша мұндай қондырғы Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында бар. Енді Қостанайға орнатып жатырмыз. Қазір жұмыс жүріп жатыр. Мамыр айында іске қосамыз.
Дәуренбек ӘБДІБЕК