Нәтижесінде 3 мың отандасымыздың мәселесі шешімін тапты. Бұл туралы Nur Otan париясының қоғамдық қабылдауында айтылды. Бүгін өткізілген қабылдау барысында елорданың 20 шақты тұрғынының және өзге де өңірлер азаматтарының өтініштері қаралды.
Қоғамдық қабылдауға келгендерді баспана, жұмысқа орналасу, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау мәселелері толғандырады екен. Жоба аясында еліміз бойынша 234 қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылған. Олар жүйелі түрде жұмыс істейді.
Бақыт Темірова, Nur Otan партиясы республикалық қоғамдық қабылдауының меңгерушісі:
- Жергілікті жерлерде әр бейсенбіде отырыс өтеді. Жедел желі жұмыс істеп тұр.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ