Қазақстанда су тасқынынан қауіп сейілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда су тасқынынан қауіп сейілді

25.04.2019

Дегенмен елдің шығысы мен солтүстігінде әлі де күдік басым. Мысалы, Шығыс Қазақстандағы Бесқарағай ауданында жерасты сулары қауіп төндіріп тұр. Үйлерді су басуы мүмкін.

Петропавлда су тасқынының екінші толқыны басталды. Қауіпті деген аумақтар ерекше бақылауда. Жалпы, биыл көктемгі су тасқыны қалыпты өтті. Алдын алу жұмыстары нәтиже беріп, елді мекендер қызыл судан аман қалды. Әрі республикалық бюджеттен қаржы шыққан жоқ.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары,

- Қазіргі жол картасы аясында жүргізілген жұмыстар оң ықпалын берді. Жергілікті атқарушы органдардың алдын алуға бағытталған жұмыстарын ерекше айтып кету керек. Әсіресе, Ақмола, Қарағанды облыстарында үлкен күш салды. Қазір Түркістан облысындағы су қоймасы мен Павлодардағы 9 елді мекенді айрықша назарға алып отырмыз.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу