Атырау өңірінде құс шаруашылығы дамып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау өңірінде құс шаруашылығы дамып келеді

26.04.2019

Атырау өңірінде агроөнеркәсіп қарқынды дамып келеді. Жалпы, ауыл шаруашылығы бағыты бойынша өткен жылғы өнім көлемі 67 млрд теңгеден асып, 105 пайызды құрады. Соның ішінде құс өсіру шаруашылығы жүйелі жолға қойылған. Аймақта екі ірі фабрика бар. Бұл кәсіпорындар облыс халқын 134 пайызға жұмыртқамен қамтып отыр.

Бұл фабрикада 310 мыңнан астам тауық бар. Олардан күніне 230 мың, ал, тоқсанына 25 млн жұмыртқа алынады. Өгнім еуростандартқа сай. Жылына 100 млн жұмыртқа шығаруға қауқарлы зауыт заманауи құрылғылармен жарақталған.

Фариза Ғазизова, құс фабрикасының бас ветеринар маманы:

- Біздің құстар сапалы жемдермен қоректендірілуде. Сонымен қатар біз біркүндік балапандарды Ресейдің Екатеренбург қаласынан алдыртамыз.

Құнарлы жемнің арқасында халыққа жоғары сапалы өнім ұсынылуда. Фабрика жұмыртқасы еліміздің батыс өңірлерімен қатар, Ресейдің Самара, Астрахань қаласына экспортталады. Зауыт ендігі кезекте құстың қиын кәдеге жаратпақ. Ол үшін алма бағын өсіруде.

Жандос Темірғали, тілші: 

- Мынау фабрикадан шығып жатқан - кәдімгі құстың көңі. Мұны шаруалар қазіргі уақытта мына алма бағына тыңайтқыш ретінде пайдалануда. Бұл өз кезегінде теректердің жайқалып өсуіне, сондай-ақ жердің құнарлы болуына септігін тигізеді.

6000 түп ағашқа нәр берген тауықтың қиы - теңдессіз органикалық тыңайтқыш. 6 гектар аумақты алып жатқан алма бағы алғашқы жемісін биыл бермек. Өңір топырағына алғаш рет егілген теректер Беларусьтан жеткізіліпті.

Құс фабрикасының басты мақсаты – ішкі рынокты түбегейлі отандық өніммен жаулау. Бұл межені бағындыру үшін зауыт жылына 110 млн дана жұмыртқаға алмақ. Алдағы уақытта қазақстандық тауар белгісімен, Иран, Ауғанстанға жөнелтуді көздеп отыр.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу