Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы қарсаңында Ассамблея кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин қоғамдық келісім моделі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы полиэтностық жағдайдағы мемлекет құрылысының үздік әлемдік тәжірибесіне қосылған үлес екендігін атап өтті.
Отырысқа қатысушылар кеңестің қызметі бойынша бірқатар шешім қабылдап, 29 сәуірде болатын сессияға дайындық барысы мен өткізу мәселелерін талқылады.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ