Ақтөбеде мүгедек жандарға арналған коттедж қалашығы салынуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде мүгедек жандарға арналған коттедж қалашығы салынуы мүмкін

29.04.2019

Бұл туралы Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің бас қосуында айтылды. Қазір өңірде 26 мыңға жуық мүгедек бар. Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығына күніне 5-6 адам көмек сұрап келеді. Сондықтан орталықпен тығыз байланыс орнатқан 15 үкіметтік емес ұйымның жұмысын жетілдіру көзделіп отыр. Яғни, мүмкіндігі шектеулі азаматтар осындай ұйымдардың да көмегіне жүгінуі тиіс.

Бір қуанарлығы, соңғы жылдары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында үлкен жобалар қолға алынған. Алда мүгедектерге арналған коттедж қалашығын салу жоспары бар.

Гүлмейрам Сражева, қалалық Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы жетекшісінің орынбасары:

- 2012-2018 жылдардағы жоспар бойынша іс-шаралар жүзеге асты. Ендігі жұмыс жобасы 2025 жылға дейін жүзеге асады. Яғни, барлық мүгедек азаматтар - белгілі бір қоғамдық бірлестік мүшесі. Мемлекеттік тарапынан бекітілетін жоспармен таныс болуы керек тиянақты түрде.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу