Қазақстанда 7,5 мың жасөспірім полиция есебінде тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 7,5 мың жасөспірім полиция есебінде тұр

30.04.2019

Қазақстанда 200-ге тарта бала арнайы білім беру мекемелерінде тәрбиеленуде. Ал бұзақылығымен көзге түскен 7,5 мыңнан аса жеткіншек полицияның есебінде тұр. Елордада Білім және ғылым министрлігі мен халықаралық ЮНИСЕФ қоры балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған республикалық жиын ұйымдастырды. Жасөспірімдермен талай жыл жұмыс істеген білікті мамандар балалардың мүддесін қорғауды әлі де дамыта түсу керек екенін айтады.

Бүгінгі таңда еліміз бойынша құқықбұзушылыққа бейім балалар тәрбиеленетін 8 арнайы білім беру мекемесі бар. Онда жеткіншектерге сапалы әрі тиімді қызмет көрсету аса маңызды. «Халықаралық тәжірибені қолданып, озық үлгілерін біздің жағдайға бейімдеу керек», - дейді жиынға қатысушылар.

Ержан Жиренбай, Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бала құқықтары және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы:

- Баланың отбасымен жұмыс істеуіміз керек. Яғни, осы стандартты, осыған бағытталған бірнеше шаралар болады. Құқықбұзушылыққа итермелейтін қандай себептер бар. Соған қарауымыз керек. Соны зерделеуіміз керек. Ол отбасыларға мемлекет тарапынан көмектесуіміз керек.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу