Қазақстанда 80 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түріне ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 80 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түріне ие болды

02.05.2019

Бүгінгі күнге дейін «е-Халық» жүйесі арқылы 148 649 өтініш келіп түскен. Оның 70 пайызы оң шешім тапты. Тағы 41 мыңнан астамы қаралып жатыр.

Өтініш білдіргендердің ең көбі – Түркістан облысынан. Одан соң Алматы өңірі. Үштікті Шымкент қаласы түйіндейді. Сонымен бүгінгі күні жаңа үлгідегі атаулы көмек 84 287 отбасына берілді. Сомасы - 9 млрд 400 млн теңге. Жалпы, биыл осы мақсатқа 130 млрд теңге қарастырылып отыр.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу