Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларының тиімділігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларының тиімділігі

03.05.2019

Ақмола облысында биыл ауылдар мен моноқалаларда шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 3 миллиард теңгеден астам жеңілдетілген несие берілмек. Бұл қаржыға кім қол жеткізе алады? Жалпы, мемлекеттік қолдау тетіктері қандай? Осы сұрақтарды түсіндіру мақсатында өңірлік кәсіпкерлер палатасы қоғамдық тыңдау өткізді.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы арқылы кәсіп ашуға немесе бизнесті кеңейтуге жылына 6 пайыз үстемемен несие алуға болады. Кәсіпкерлік негіздерін меңгеру үшін «Бастау» бағдарламасы бар. Жеңілдетілген несие алып, кәсібін бастағандардың көбі ауыл шаруашылығы саласында. Сондықтан жиында қазіргі таңда ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған бағдарламалар жайлы жан-жақты түсіндірілді

Сұңғат Нұржасаров, кәсіпкер:

- Мен өзім қазір «Игілік» бағдарламасымен жұмыс істеп жатырмын. Мынау қоғамдық форумға келіп, «Сыбаға» бағдарламасы туралы естідім. Енді «Сыбаға» бағдарламасымен алға қарай жұмыс істейтін ой бар.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу