«Жас қанат» деп аталатын бұл ұйым - іскер азаматтардың өз бастамасымен құрылған. Бизнесте жүрген азаматтар осылайша бірлесе әрекет етіп, ортақ жобаларды жүзеге асыруды көздейді.
Сондай-ақ, кәсібін енді ғана бастап келе жатқандарға жол сілтеп, тәжірибелерімен бөлісетін алаң болады. Әзірге кеңес құрамына 40-тан аса іскер азамат кірген.
Бүгінгі ашылу салтанатына 400-ге жуық жас кәсіпкер келіп, жобаға қызығушылық танытты. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен кеңеске қатысушыларға бірқатар мүмкіндіктер жасалмақ.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ