Атырау облысында алдағы екі жылда 960 орындық 9 жатақхана пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында алдағы екі жылда 960 орындық 9 жатақхана пайдалануға беріледі

03.05.2019

Исатай ауданында 100 орындық жатақханасы бар, 320 студентке арналған техникалық колледждің құрылысы аяқталуы тиіс. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жергілікті жерде іске асыру жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес отырысында белгілі болды. Жиынға қатысушылар кейбір оқу орындарында құрылыс жұмыстары кешігіп жатқанын алға тартты. Елбасы бастамасының орындалуын қадағалайтын қоғамдық кеңес мүшелері болса, келеңсіздікті жойып, мәселені басты назарға алмақ.

Айта кетейік, өңірдегі 25 колледж бен лицейде оқитын мыңға жуық студентке әлі күнге дейін жатақханадан бөлме бұйырмаған.

Бақберген Қарабаев, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

- Мысалы, алдын ала жасалған сметаларадың уақыты өтіп кеткеннен кейін ол пайдаланбай қалады. Оған миллиондаған қаржы қаралады. Оның өзі мемлекет қаржысының тиісті деңгейде пайдаланбаудың салдарын көрсетеді. Сондықтан осы мәселелерге баса назар аудардық.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу