«Батырларға тағзым» шарасын саяси науқанның, саяси ұйымның қолшоқпарына айналдыруға болмайды. Мұндай пікірді Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл «Ұмытылған қаһармандар кітабының тұсаукесер салтанаты барысында айтты. Оның сөзінше, «Батырларға тағзым» шеруі ІІ Дүниежүзілік соғыс құрбандарымен қоса, саяси қуғын-сүргін көрген тағдырларды еске алуға бағытталуы керек. Депутаттың ойынша, ұрысқа қатысқан бүкіл ұлт пен этнос өкілдері ортақ жеңіске жетті. Сондықтан біз олардың барлығының да батылдығына тағзым етуіміз керек.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ