Қазақстандық әйгілі альпинист Мақсұт Жұмаев Гималай таулы өңіріндегі биіктігі 6 814 метрлік Ама-Даблам шыңын бағындырды. Мақсұт Жұмаев бұл биігін Отан қорғаушылар күніне арнады. Экспедиция 30 сәуір күні басталып, 3 мамыр күні аяқталған. 3 адамдық топ үлкен құздар мен мұздықтардан өтіп, биікті бағындырған. Олар қатты жел мен қалың қарға қарамастан жерге аман-есен оралған. Әйгілі отандасымыз Ама-Даблам шыңынан қазақстандықтарға бейне құттықтау да жолдапты.
Мақсұт Жұмаев, альпинист:
- Құрметті отандастар, генерал мырзалар мен офицерлер, сержанттар мен мерзімді қызметшілер, сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймын.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ