Павлодарда соғыс ардагерлеріне пәтер берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда соғыс ардагерлеріне пәтер берілді

08.05.2019

Майдангер Әкімбек Әбдірайымов, Құдайберген Қапсалямов және Владимир Чернышев енді көрші тұратын болады.

Құдайберген Қапсалямов майданға 17 жасында алынған 34-ші атқыштар девизионының танкіге қарсы жеке бөлімшесінде болып, соғыстың аяғына дейін ұрыстарға қатысты. Варшаваны жаудан азат ету кезінде ерлік көрсетті. Ал, елге 1950 жылы ғана оралып, көп жылдар бойы құқық қорғау саласында қызмет атқарды.

Құдайберген Қапсалямов, ІІ Дүниежүзілік соғыстың ардагері:

- Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Болат Бақауов, облыс әкімі:

- Павлодар облысында үймен қамтылмаған ардагерлер жоқ. Үш ардагер болды. Бірақ олар бұрын алған екен. Бүгінде заңды түрде алуға мүмкіндіктері бар. Сондықтан біз жөн көрдік беруге.

Болат АМАНБАЕВ 

Хабарламаларға жазылу