Оралда Жеңіс күнін атап өту Жеңіс алаңынан басталды. «Мәңгілік алауға» гүл шоғы қойылып, батыр балалар рухына тағзым етілді. Отан соғысына Жайық жерінен 80 мыңнан астам адам аттанып, олардың тек жартысы елге аман-есен оралған. Батысқазақстандық 45 майдангерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Алты сарбаз «Даңқ орденінің» толық кавалері атанды. Мерекеде соғыс ардагерлерімен қатар, тыл еңбеккерлеріне де құрмет көрсетілді. Орталық саябақта серуен ұйымдастырылып, 1500 адамға сарбаз ботқасы таратылды.
Меңжан Әбдірахманов, соғыс ардагері:
Жеңісті алғанымызға - 74 жыл. Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сендер өте бақытты ұрпақсыңдар. Мерекелерің құтты болсын!
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ