Қазақстан - шетелдік инвесторлар үшін тиімді аймақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан - шетелдік инвесторлар үшін тиімді аймақ

01.07.2014
Қазақстан - шетелдік инвесторлар үшін тиімді аймақ

Қазақстанда шетелдік инвесторларға барлық мүмкіндік жасалған. Бұл ел экономикасына қаржы құйып, кәсібін дөңгелетіп жүрген «Сұлтан элеватор –макарон» кешенінің басшысы  Идрис Карталдың пікірі. 1996 жылы Петропавлда ашылған бұл өндіріс ошағы бүгінде ішкі нарықта ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де тауар экспорттайды.

Меруерт Бозбалаева «Сұлтан элеватор-макарон»  кешенінде 10 жылдан бері еңбек етеді. Жыл сайын қондырғылар жаңартылып, қуаты артқан ірі кәсіпорынның өркендеп, қанат жаюының куәсі. Ауысым шебері болғандықтан, артылған міндет те ауыр. Отандық бренд саналатын тауардың сапалы болуына барынша күш жұмсайды.

Меруерт Бозбалаева, ауысым шебері:

Мен «Сұлтанда» 2004 жылдан бері жұмыс істеймін. Жыл сайын жаңа қондырғылар әкелініп жатыр. Осыдан еліміздің экономикасының дамып келе жатқанын көруге болады.

«Сұлтан элеватор - макарон» кешені 1996 жылы ашылды. Бұл еліміздегі агроөнеркәсіп саласына  құйылған алғашқы шетелдік инвестиция. Бүгінде тәулігіне 192 тонна макарон өнімдерін өндіретін қуатты кәсіпорынға айналды.  Тауар тек ішкі нарыққа ғана емес, экспортқа да шығарылады.

Идрис Картал, «Сұлтан элеватор-ұн үгу макарон кешенінің» бас директоры:

Біздің кәсіпорынды Президент Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Алғашқы күннен бастап-ақ, жаңа технологиялармен жұмыс істейміз. Біздің мақсатымыз - жеткен жетістіктермен тоқтап қалмай, жаңа мүмкіндіктерді бағындыру. Оған Қазақстанда барлық мүмкіндік жасалған. Ел экономикасы күннен-күнге дамып келеді.

Қазіргі күні бұл кешенде 360 адам еңбек етеді. Макаронның 38 түрі шығарылады. Жылдан-жылға желілер жаңартылып, технология да қарыштап дамып келеді. Мұның барлығы да мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың арқасы,- дейді мамандар.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу