Арал теңізінің суын зерттеу үшін халықаралық экспедиция сапарға шықты. Топ құрамына америкалық және венгриялық мамандарды қосқанда 20 ғалым кірді. Олар су түбіндегі топырақ пен тіршілік иелерінен сынама алу арқылы Аралдың қазіргі жағдайын анықтауды мақсат етіп отыр.
Ғылыми жобаға «Qazaq geography» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Назарбаев Университеті мұрындық болды. Жалпы бұл экспедиция 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұған дейін гидро-биолог ғалымдар судың ластығы, қышқылдығы, тұз бен фосфор деңгейі туралы деректер жинап, фото мен бейнематериалдар қорын толықтырды.
Нұржан Алдашов, «Qazaq geography» РҚБ ғылыми-экспедициялық департаментінің директоры:
Негізгі мақсаты - Арал теңізінің суын зерттеу. Оның қаншалықты биологиялық жағынан, химия жағынан өзгертулер болып жатқанын зерттеу. Екіншіден, туристтік бағытты ойластыру.
Нысаналы ЫҒЫЛ