Шығыс Қазақстан облысында 9 баласы бар отбасыға жерлестері үй алып берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында 9 баласы бар отбасыға жерлестері үй алып берді

17.05.2019

Ұлан ауданының Бозанбай ауылында тұратын отбасы «Аяулы аналарға құрмет пен қамқорлық» деп аталатын акция  аясында баспаналы болды. Осы жоба шеңберінде таяуда Каменка ауылында да бір отбасыға шаруа қожалығы үй сыйлаған. Қазіргі таңда бұл ауданда 950 көпбалалы отбасы бар. 136 шаңыраққа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Ұлан ауданының тұрғындары  әлі де біраз отбасының баспана мәселесін шешуге көмектеспек ниетте. Жалпы, аймақта бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қолдау көрсетіп жатқан кәсіпкерлер аз емес

Алма Бекетаева, көпбалалы ана:

Жалдамалы баспанада, 2 бөлмелі үйде 9 баламен тұрдық. Бізге өте тар болды. Неше жыл бойы осы мәселе шешілмей жүрген. Енді бүгін өте қуаныштымын. Осылай бізге үй әперіп жатыр. Үй маған өте ұнайды, үлкен, кең, әр баланың өзінің бөлмесі болады.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу