Астанада «Үздік тауарлар» көрме-байқауы өтті. Жыл сайын өтетін бұл шара қала күні қарсаңында ұйымдастырылды.
Оған бас қаланың тауар өндірушілері қатысып, үздік тауарларын қойды.
Айнұр Ақбаева, тілші:
Бүгінгі көрмеге Астананың 45 кәсіпкерлік нысаны қатысты. Олар қала тұрғындарына киім-кешек, азық-түлік, құрал-саймандар сияқты бірнеше тауар түрлерін ұсынды. Байқау шарты бойынша, кәсіпкерлерге 9 талап қойылды. Оған сәйкес, техникалық-нормативтік құжаттардың Кедендік одақ талаптарына сәйкестігі, халықаралық сапа менеджменті сертификатының болуы және халық арасында жоғары сұранысқа ие болуы. Осы талапқа сай келген нысандар жеңімпаз деп танылады. Ұйымдастырушылар «Мұндай шараның кәсіпкерлерге берері мол», дейді.
Жолдасбек Оңғарбаев, Техникалық реттеу және метрология комитеті Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы:
Кәсіпорын өкілдері шығарып жатқан өнімдерін елге жарнама ретінде көрсете алады. Басқа мекемелермен келісімшарттарға қол жеткізе алады.
Айнұр Ақбаева, тілші:
Кәсіпкерлер үш номинация бойынша сынға түседі. Ол «Өндіріске арналған үздік тауарлар», «Тұтынушыға арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Жеңімпаздар жыл соңында республикалық жарыста бақ сынайды.
Айнұр АҚБАЕВА