Әдебиеттің ахуалы мен дамуы Ақордада сөз болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әдебиеттің ахуалы мен дамуы Ақордада сөз болды

23.05.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдады. Кездесуде алда өтетін Азия елдері қаламгерлерінің форумына дайындық мәселесі талқыланды.

Мемлекет басшысы ұлттық рухани әлеуетті ілгерілету ісінде ақын-жазушылар қауымы маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Жазушылар одағының жұмысына оң бағасын беріп, қаламгерлерге шығармашылық табыс тіледі.

Альбина ӘШІМ

 

Хабарламаларға жазылу