Қарағанды облысында 814 гектар жер өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 814 гектар жер өртеніп кетті

24.05.2019

Жаздың аптап ыстығы басталмай жатып, Қарағанды облысында 814 гектар жер өртеніп кетті. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Синоптиктер алдағы үш ай жауын-шашынсыз, құрғақ болатынын айтады. Демек, тілсіз жаудан келетін қауіп сейілген жоқ. Сондықтан Төтенше жағдай қызметі дайындықтарын пысықтап, Жаңарқа ауданының маңында оқу-жаттығу өткізді. Оған 70-тен астам адам мен 20 техника қатысты.

Қазіргі күні облыс аумағында Қарқаралы мен Бұйратау ұлттық табиғат паркі және 6 орман шаруашылығы бар. Оған мыңдаған гектар жайылым жерлерді қосыңыз. Айта кетейік, былтыр өңірде 20-дан астам дала өрті тіркеліп, 4 мың гектар алқап жанып кеткен.

Ибрагим Күлшімбаев, Қарағанды облыстық ТЖД басшысы:

- Бұл - өте қажетті және өрт қаупті кезінде керекті оқу-жаттығулар. Біздің «Қазгидрометтің» мәліметі бойынша, биыл жазда ыстық болады және жауын-шашын аз болады деп болжанып отыр.

 Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу