Сенат спикері Дариға Назарбаева Қазақстанда балалар тағамдарының өндірісін ұлғайту қажет екенін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат спикері Дариға Назарбаева Қазақстанда балалар тағамдарының өндірісін ұлғайту қажет екенін айтты

27.05.2019

Сенат спикері Дариға Назарбаева Қазақ тамақтану академиясы мен еліміздегі балалар сүт тағамдары зауытының бірінде болды. Ең алдымен органикалық өнімдер кішкентай балалары бар отбасыларға қолжетімді болуы керек,- деді Сенат басшысы.

Ол еңбек ұжымымен кездесіп, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау зертханаларымен, сүт өнімдерін өндіру технологиясымен танысты.

Дариға Нұрсұлтанқызы Тамақтану академиясындағы халыққа арналған экологиялық таза өнім жасау және оның әлеуметтік бағдары туралы айта келіп, зерттеу жұмысының маңыздылығын атап өтті. Осындай өнім өндірушілерге көмектесу керек. Бұл мәселеге баса назар аударылғаны жөн,- деді.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының спикері:

Қазіргі таңда балалар тағамдарының өндірісіне қажетті көңіл бөлінбейді. Нарықтағы балалар тағамдарының 90 %-ы – импорт. Оның сапасы күмән туғызатыны анық, өйткені алыстан жеткізілетіндіктен, сақтау мерізі ұзақ, ал құрамында не бар екенін ешкім білмейді. Біз қоғам денсаулығына, әсіресе балалардың  денсаулығына баса мән беруіміз керек.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу