Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерлігі үшін» медалі және ішкі істер министрінің бұйрығымен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгісі оның туыстарына табысталды. Марқұмның ерлігі барлық әріптестеріне үлгі болып отыр. Өз басын бәйгеге тігіп өзгенің өмірі үшін күресу кез келгеннің қолынан келмейді деп еске алады әріптестері. Ерлан Райымқұловтың артында кішкентай екі ұлы қалды. Қағылы оқиға 10 мамыр күні Есіл өзенінің бойында болған.
Ризагүл Назарбекова, Ерлан Райымқұловтың анасы:
Кеш үйленді. 28 жасында. Екі баласын жанындай жақсы көретін еді. Жұбайы Айгүлді де алақанына салып жүретұғын. Кең жүрект,і мейірімді адам болды. Сондықтан да ол кішкентай қыздың шырылдап, суға батып бара жатқанына шыдай алмады. Бір жағынан жүрек мейірімді. Бір жағынан ол жүректа батылдық болды.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ