Елімізде банкроттықтық рәсімдеуден 4 мыңға жуық бизнес субъектісі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде банкроттықтық рәсімдеуден 4 мыңға жуық бизнес субъектісі өтіп жатыр

29.05.2019

Бүгін Мәжіліс депутаттары «Оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Онда кредиторлар жиналысының бірқатар өкілеттіктерін неғұрлым тез әрекет ететін кредиторлар комитетіне беру ұсынылады. Осының есебінен банкроттық рәсімін жүргізу мерзімін едәуір оңтайландыру қарастырылған. Ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін борышкерлерді банкроттық рәсімін қозғамай, жеңілдетілген түрде тарату көзделген.

Бүгінде банкроттық рәсімнің шығындылығына байланысты оны қолданбайтын көптеген әрекетсіз кәсіпорындар бар. Оларды жабу үшін заң жобасы әкімшіні тартпай, борышкерлерді жеңілдетілген түрде тарату рәсімін ұсынады. Бұл кәсіпкерлік қызметін іс жүзінде тоқтатқан борышкерлерді тез және артық шығынсыз таратуға мүмкіндік бермек.

Мәжіліс депутаттары «Оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру туралы» заң жобасы елдегі бизнес жағдайды жақсартуы қажет дейді. Сондықтан құжатты талқылау нәтижесінде екінші оқылымға дейін түзетулерді жетілдіру тапсырылды.           

Анар Жайылғанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бұл заң жобасының негізгі міндеті жеңілдету үшін өлшем шарттарды қолдану қажеттігін атап өткен жөн. Бұл инвесторларды тартады.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу