Келіссөздер барысында энергетика, ғарыш, ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестік жайы сөз болды. Бұдан бөлек әскери-өнеркәсіптік кешен, көлік-транзит дәліздерін дамытудағы өзара іс-қимыл келешегі талқыланды. Сондай-ақ, Ашхабадтағы сапары барысында Асқар Мамин ТМД Үкіметтері басшылары кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. Жиын қорытындысында елдер арасындағы әріптестікті дамытуға бағытталған қол қойылды.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ