Қызылордада малшылар слеті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада малшылар слеті өтті

04.06.2019

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген мамандар селекциялық мал шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талқылады.

Облыста соңғы 5 жылда ет өндірісі 2,8 есеге, сүт өндірісі 1,7 есеге артты. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарығына кешендік маркетингтік зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде облыстың агроөнеркәсіп кешенін 2022 жылға дейін дамытудың агрокартасы әзірленіп, іске асырылуда.

Шарада аграрлық саланың ең үздік қызметкерлері 11 номинация бойынша марапатталды.

Бақыт Жаханов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Қазақстанда мал шаруашылығы жақсы дамып келе жатыр. Оның себебі - мемлекеттен жасап жатқан қолдау. Жыл сайын мал басы да көбейіп келе жатыр. Ет, сүт өндірісі де ұлғайып келе жатыр. Біздің облысымызда ширек ғасырдан бері тоқтап қалған құс шаруашылығы қолға алынып, жұмыртқа, құс еті де көбеюде.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу