Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасына ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Бекболат Құрманғожаев пен ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Меруерт Өтекешова қонаққа келді.
Меруерт Өтекешованың айтуынша, актрисалық карьерада талант — бірінші орында.
Ал Бекболат Құрманғожаев киноны лотарея деп атады. Киноның талабына сәйкес, адамның бет-бейнесі жақсы сәйкес келгені үшін де таңдалады.
Сөз соңында ұстаздар ұлан-ғайыр мемлекетіміздің түкпір-түкпіріндегі жастарды Шабыт университетіне шақырды.