Қызылорда облысында емдеу мекемелерінің басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Олар заңсыз дәрігерлік анықтама мен жалған санитарлық кітапша әзірлеуге жол берген. Облыста дәл осындай жағдай тыйылмай тұр. «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жүргізген мониторинг кезінде жалған құжат дайындау бойынша 50 факт анықталды.
Жандос Тұсмағамбетов, «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:
Санитарлық кітапшаны әзірлеу бойынша да фактілер анықталды. Қазіргі кезде ұлттық бюроның облыстық департаменті қылмыстық іс қозғап, осы бағытта тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ