Елімізде 2017 жылғы статистика бойынша 14 мың оқушы түрлі себептермен мектепке бармаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 2017 жылғы статистика бойынша 14 мың оқушы түрлі себептермен мектепке бармаған

11.06.2019

Кейбіреуі отбасылық жағдайға байланысты білім ордасына келмесе, енді біреуіне мұғалім не пән ұнамайды.

Бір қаладан екінші қалаға көшіп жүріп мектептен қалып қойғандар да бар. Ата-аналар үйде оқытылатын балаларының біліміне селсоқ қараған. Бұған қиын балаларды қосыңыз. Бұл олқылықтарды шешу үшін Қазақстандағы Юнисеф өкілдігі мен Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы үлкен жобаны жүзеге асырды.

Жаңа жүйе Нұр-Сұлтан қаласындағы №83 мектеп пен Қарағанды облысындағы 5 мектепке енгізілген.

Ата-ана мен мектеп педагогтарынан құралған команданың жүйелі жұмысының арқасында оқушылардың мектептен ретсіз қалуы азайған.

Манара Адамова, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА орта білім беру орталығының директоры:

Шын мәнісінде, ол балаға сабақтың ұнамауы немесе сабақ беретін пән мұғалімінің ұнамауы, отбасы жағдайына байланысты. Оның шынайы себебі анықталады. Және де қайтадан мектепке тартудағы мектеп командаларының құрылуының басты мақсаты – осы мәселені мектептен тыс шығармау. Мектеп өзі шеше алатын болса, бұл мәселені өз күшімен шешу керек.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу