Елордада балабақшаларға бос орындарды бөлу жүйесі уақытында басталмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада балабақшаларға бос орындарды бөлу жүйесі уақытында басталмады

11.06.2019

Себеп - сайтқа шабуыл жасалуы. Білім басқармасы 10 маусым күні жаңартылған жүйе іске қосылады деп уәде берген болатын. Алайда, балабақша кезегін реттеп, бос орындарды үлестіретін сайт шабуылдаушылардың әрекетіне төтеп бере алмады.

Бірінші күннің алғашқы сағатының өзінде 500 мыңнан астам шабуыл жасалған. Сол себептен е.астана.кз сайты жұмыс істемей тұр. Алайда, мамандар жүйе жақын күндері қайтадан іске қосылады деп отыр. Сол себептен, ата-аналарға алаңдауға еш негіз жоқ. Тек бос орындар жарияланатын күндер сәл жылжиды. Сайт нақты қашан жұмысын бастайтынын білім басқармасы алдын-ала хабарлаймыз деді. Қазір басқарма тарапынан қауіпсіздік шаралары күшейтілген. 

 

Жазира Асанова, қалалық білім басқармасының бөлім басшысы:

 

Біз осы аптаның  соңына дейін жүйені қайта іске қосамыз. Барлық тексеріс жұмыстарын  тексеріп біткеннен кейін. Жүйені қосудың алдында бір күн бұрын ата-аналарға хабардар етеміз әлемжелі арқылы, БАҚ арқылы, өзіміздің сайт, әкімдіктің сайты арқылы хабардар етеміз. Жалпы бүгін, ертең жүйеге кірудің қажет жоқ.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу