Қаланың шетіндегі шығыс мөлтек ауданында бой көтеретін 500 орындық емдеу мекемесіне қажетті қаржыны Түркия кәсіпорны мойнына алды. Заманауи қондырғылар орнатылып, жоғары технологиялар қолданылатын болады.
Ғимарат ішінде аурухана, онкологиялық диспансер, перинаталдық орталық, тері-венерологиялық диспансер, кардиологиялық орталық, инфекциялық бөлімше және жедел-жәрдем станциясы орналасады.
Жаңа ғимаратта өңірде бұрын соңды болмаған пневмопошта жүйесі орнатылады. Бұл жүйе дәрігерлердің уақытын үнемдейді, зертханадағы барлық талдаулар әр кабинетке автоматты түрде жеткізілетін болады. Яғни мамандар сараптамаларды дәрігерлерге өздері таратып сабылмайды. Сондай-ақ, аурухана жанынан дәрігерлерге арналған баспана да тұрғызылмақ.
Тимур Сұлтанғазиев, обдыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Жаңа аурухана салу арқылы біз жаңа техникалар сатып алатын боламыз. Сонымен қатар, дәрігерлерді де біздің Солтүстік Қазақстанға тартып жұмыс істеуіне барлық жағдайлар жасалатын болады.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ