Шикізаттық емес тауар түрлерінің экспорты артады. Халық алдында есеп берген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр өзі басқаратын министрліктің жоспарларымен бөлісті.
Дәлірек айтсақ, осы жылы республика бойынша 1,5 мың шақырым автожол жөнделеді. Сондай-ақ, биыл жыл басынан бергі кезеңде 4,6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
Жыл соңына дейін құрылыс саласындағы былтырғы рекордтық көрсеткішті жаңарту жоспарланып отыр. Өндіріс саласы алдағы жылдары 2,7 %-ға артып, 2025 жылға дейін 16 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Роман Скляр, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
Қазақстан 120 елге 800-ден астам тауар экспорттайды. Ферроқорытпа, мырыш, мыс, уран, газ бен мұнай экспортталатын тауарлардың негізгі түрлері. Биыл шамамен 7 миллиард теңгенің жобасы жүзеге асырылып, 350 адам жұмысқа орналасты.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ