Ұлттық архивте «Замана заңғарлары» атты жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық архивте «Замана заңғарлары» атты жиын өтті

17.06.2019

Ел бағына туған дара перзенттердің ерен еңбектері ұмытылмайды. Ұлттық архивте ұлы есімдерді насихаттау мақсатында «Замана заңғарлары» атты жиын өтті. Аталмыш шара Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында өткізілді.

Дөңгелек үстел басында жиналған ғалымдар мен профессорлар қоғам мүддесіне қызмет еткен зиялылардың өмір жолы мен шығармашылығына тоқталды. «Архив- 2025» бағдарламасын қолдау мақсатында биылдан бастап, алыс-жақын шет елдерден қазақтың ұлы тұлғалары жайлы тың мәліметтер жиналып, көпшілік қауымға ұсынылатын болады.

Амангелді Қашқымбаев, Мемлекет тарихы институтының директорының орынбасары:

Бұл тұлға мәселесі өте күрделі мәселе. Иә, біз көп адамдарды тұлға дейміз. Олар тұлғаға лайықты емес. Ал енді олай дейтін болсақ, осы уақытқа дейінгі айтып отырған ойымызды ғылыми тұрғыдан негіздеп, көпшілікке жеткізетін де уақыт келіп жатыр.

Жангелді Махашов, ҚР Ұлттық архивінің директоры:

Жалпы архивте өздеріңіз білетіндей, көптеген тұлғалардың есімдері бар. Бұны айтып кетсек, 2005-2007 жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында, біздің архивке Қазақстан тарихына байланысты алыс-жақын елдерден құжаттар келген. Соның ішінде қазақ еліне, қазақ жеріне еңбегі сіңген тұлғалардың есімдері бар. Біз соларды ұлықтауымыз керек.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу