Қазақстанда ғарыш кеңістігін зерттеу бойынша халықаралық орталық ашылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ғарыш кеңістігін зерттеу бойынша халықаралық орталық ашылуы мүмкін

17.06.2019

Бұл туралы елордада өткен халықаралық конференция барысында айтылды. Жиынға қатысушылардың арасында Нобель сыйлығының лауреаты және Жапония, Ұлыбритания, Қытайдан келген астрофизик ғалымдар бар. Кездесуде ғарыш әлемі тақырыбында тың деректер айтылып, сала мамандары тәжірибе алмасты. Айта кетейік, әлемде 100 мың ғана астрофизик ғалым бар екен.

Бекдәулет Шүкірғалиев, Назарбаев университеті Энергетикалық ғарыш зертханасының ғылыми қызметкері:

Энергиясы жоғары ғарышты зерттеу саласында қандай жетістіктерге біз жеттік? Тек қана біз энергетикалық ғарыш зертханасындағылар емес, жалпы бүкіл әлемдегі басқалар, бәріміз біріге отырып, қандай деңгейге жеттік, енді қандай сұрақтарымыз бар, нені зерттеуіміз керек деген сұрақтарға жауап іздейміз.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу