2030 жылы туристер саны 13 млн-ға жетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2030 жылы туристер саны 13 млн-ға жетеді

17.06.2019

  Елімізде туризмнің әлеуеті зор елді-мекендер инфрақұрлымның жоқтығынан дамымай жатыр. Жолдың азабын тартып, ауыз судан тарығып отырған жерлерде сапалы қызмет туралы айтудың өзі артық. Сондықтан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімде осы ауыз су мәселесін тез арада біржақты етуді үкіметке қадап тапсырды. Туризм саласындағы қордаланған мәселелерді шешу жолдары Балақшта өткен халықаралық туристік форумда талқыланды.

 

  Нұрбек Байбосынов Балқаш көлінің бойындағы Тораңғылық ауылында тұрады. Бұл елді-мекеннің туристік болашағы зор. Тек ауыз судың жоқтығы бизнеске қолбайлау. Тіршілік нәрін 33 шақырым қашықтықтағы Балқаш қаласынан тасымалдаймыз-дейді кәсіпкер.  Судан тарығатын болған соң  демалушылар мұнда тоқтамай, басқа жерге кетеді.

 

Нұрбек Байбосынов, жеке кәсіпкер:

  Қымбат болса да кетеді. Осындай орындар. Бірақ бізде 5 мың теңге ме, ал оларда 45 мың теңге. Суды халық тасып әкеледі. Міне кеше келеді деп еді, әлі жоқ. Ал енді демалушылар келетін болса менде су жоқ. Олар шай да іше алмайды.

  «Отандық туризмді дамытудың 2025 жылға» дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында Тораңғылықта ауыз су мәселесі шешлуі мүмкін. Бағдарламаны негізге ала отырып еліміз бойынша туристік келешегі зор он аймақты гүлдендірудің жоспары жасалды.  Олардың қатарында Балқаш көлі  жағалауындағы демалыс орындары көп шоғырланған елді мекендер де бар.

 

 Марат Баграмов, Ұлттық компанияның бас менеджері:

  Жолды салу осы Тораңғылыққа дейін, ауыл ішінің жолын жақсарту қарастырылған. Сосын осы жердегі үлкен мәселе ауыз су ғой. Ол да жоспарға кірді. Ұсыныс бар. Кейіннен үкімет қолдаса, су мұнда келетін болады.

 

  Балқаш қаласына жыл сайын 30-35 мың турист  келеді. Демалыс орындары тәулігіне 600 адамға қызмет көрсете алады. Бірақ бұл аз .

 

Руслан Нұрланұлы, тілші:

  2018 жылы Балқаш қаласында туризмнен түскен салық 250 миллион теңгеге жеткен. Бұл қала бюджетінің небәрі 3 пайызын ғана құрайды. Көкшекөл жағалауындағы туризмнің болашағы зор. Тек бірқатар түйткілді мәселелерді шешу қажет.

 

  Инфрақұрылымды, демалыс орындарының қызмет сапасын жақсарту, жаңашыл жобаларды жүзеге асыру, кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру. Осы мәселелер мемлекеттік бағдарлама аясында шешіледі.

 

Бақжанар Қанатұлы, форумға қатысушы /Моңғолия/:

  Батыс Моңғолияда қазақтар тұрады көбіне. Бүркіт, ұлттық салт-дәстүрмен біздің бизнесіміз жақсы жүріп жатыр. Енді соны пайдаланып Қазақстанға да туристерді тартсақ деп жоспарлап жүрміз. Жермен таныстық. Мүмкіндік туды компаниялармен танысып.

 

  2025 жылға дейін туристік келешегі зор аймақтарда  7 жылда 1 триллион 300 миллиард теңге игерілмек. Сол кезде  жыл сайын елімізге келетін шетелдіктердің  саны 13 миллионға жетеді, -деп болжанған.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу