Түркістан облысының құрылғанына – 1 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысының құрылғанына – 1 жыл

18.06.2019

Өңірдің экономикалық, әлеуметтік мәселелерін межелеген үлкен мәжіліс өтті. Бұған дейін облысты дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары бекітілгені белгілі.

Өңір басшысының айтуынша, сол жоспарға сай қазір 11 бағыт бойынша жалпы құны 1 236 миллиард теңге болатын 116 іс-шара қолға алынған. Оның ішінде облысты идеологиялық жағынан дамытудың 4 бағыты бар.

Біріншісі — тек Түркістанды ғана емес, Сырдария сағасындағы тағы басқа да орта ғасырлық қалаларды паш ететін туристік бағыт.

Екіншіден, шежірелі шаһар-әлемдік «шеберлер орталығы» болуы тиіс. Ғаламдық сәулет өнерінің теңдесіз үлгісі күмбезді кесенесімен әйгілі аймақ бұл мәртебеге әбден лайық.

Үшінші меже — қаланы ірі сауда орталығына айналдыру. Бұл бағытта 16 гектар аумаққа Шығыс базары салынады. Оның ішінде, Қытай, Үнді, Иран, Түркия базарлары бой көтереді.

Сондай-ақ, «Түркістан-Самарқант» темір бағытында жоғары жылдамдықты пойыз жүретін болады.

Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімі:

Туристердің облысымызға қызығушылығы, инфрақұрылымның дамуына және салық түсімнің көбеюіне әсер етеді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, былтырдың өзінде Түркістанға 1,5 миллион турист келген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 15 пайызға көп. Биылғы қарқын одан да жоғары болып тұр.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу