Мемлекет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге әзір - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге әзір

19.06.2019

Мемлекет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге әзір. Сынақ жүзінде қыркүйекте Қарағанды облысындағы емдеу мекемелеріне қолданылып көрмек. Кейін нәтижесін беріп жатса бірте-бірте өзге өңірлерді де көшіру көзделген. Алайда мамандар жүйе цифрландырылғандықтан халыққа ыңғайлы боларына сенімді.

 

Ал ақпараттық жүйе азаматтардың мәртебесін анықтауға қажет. Яғни кім әлеуметтік медициналық тұрғыда сақтандырылған немесе керісінше. Мәлімет алу үшін денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктері мен азаматтарға арналған үкіметтен дерек керек. Бәрі жиыстырылып ортақ базада болады.    

 

Нұрбол Жұмаділдә, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйе бойынша басқарушы директоры:

 

Халыққа қолжетімді е.гов электронды үкімет порталы немесе медициналық ұйымдардың және Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері арқылы кез-келген азаматқа немесе медициналық қызметкерге жеткізілетін болады. Яғни, бұл не деген сөз?  Осы жүйенің көмегі арқылы әрбір азамат өзінің сақтандыру статусын біле алады.   

 

Цифрландырудың кейінгі тиімділігі – тегін берілетін медициналық көмек пен сақтандыру аясында қарастырылған ем-домның айырмасы айқындалады.

 

Асқар Арғынбаев, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы ақпараттандыру департаментінің директоры:

 

Ақпараттық жүйелерді жетілдіру, төлем жүйелерін жетілдіру, ақпарат алмасу кезіндегі қателіктер табылған жағдайда түзету дер кезінде. Тиісті деректерді қалыптастыру үшін интеграциялық жұмыстар біздің орталықта жүргізіледі.

 

Сақтандыру қорын автоматтандыру арқылы азаматтардың ай сайынғы жарнасы есепке алынса, цифрландыру денсаулық сақтау саласында ашықтық және қағазбастылықты жою үшін қажет. 

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу