Елімізде жарнама туралы жаңа заңнамаға сәйкес сын-ескертпелерге құлақ аспағандар айыппұл арқалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жарнама туралы жаңа заңнамаға сәйкес сын-ескертпелерге құлақ аспағандар айыппұл арқалайды

20.06.2019

Жауапты мекемелер қазір осы істі мықтап қолға алды. Сарыарқа, Алматы, Байқоңыр аудандары бойынша 2 айдың ішінде 600-дан астам жарнама заңсыз ілінгені анықталып, олардың барлығы алынып тасталды. Ал көшедегі жарнамаларда тілдік нормалардың қатаң сақталуына бұдан былай тілдер басқармасы тікелей жауапты. Нұр-сұлтан қаласында «Тіл тазалығы баршаға ортақ іс» атты акцияның қорытындысында жарияланды. Бүгінде 35 сауда орындарымен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде жарнама орнына қазақ зиялыларының қанатты сөздері насиxатталатын болды. Қазірдің өзінде 100 дана нақыл сөз шығарылған.

 

Тілеуғали Әшірбекұлы, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:

 

Сауда үйлері бар, сол сауда үйлерінде бүгінгі күнде оның бәрі мемлекеттік тілде сөйлеу, мемлекеттік тілде таза жазы, мемлекеттік тілде бірімен-біір кездесуде қазақ тілінде сөйлесу үшін нұр-сұлтан қаласының әкімшілігі қадағалауда.

 

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу