Ақмола облысы Зеренді ауданының бұрынғы әкімі Мереке Мұстафинге қатысты сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысы Зеренді ауданының бұрынғы әкімі Мереке Мұстафинге қатысты сот үкімі шықты

20.06.2019

Оның орынбасарлары Ықылас Мұқашев пен Қайрат Жақыповқа қатысты іс қозғалды.

Мереке Мұстафин осы жылдың қаңтар айында қызметтік кабинетінде пара алмақ болғанда қолға түскен еді. Ал орынбасарлары делдал қызметін атқарған.

Айыпталушылар параны ауыл шаруашылығы бағытындағы жер телімін кәсіпкерге беру үшін алған. Айыпталушылардың барлығы кінәларын толық мойындады.

Қайрат Шаймергенов, Зеренді аудандық сотының судьясы:

Мұстафинге 3 жыл бас бостандығынан айыру жазаға тағайындалды. Ол жазасын қауіпсіздік деңгейі орташа түзету мекемесінде өтейді. Мұқашев 1 жыл 6 ай мерзімге қамалды. Ал Жақыповқа 4 миллион теңгеден астам айыппұл түрінде жаза қолданылды. Үшеуіне де енді мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге болмайды.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу